Kitchen Kit: ас үйді автоматтандыруға арналған KDS жүйесі
Kitchen Kit — ас үйдегі тапсырыс түбіртегін басатын принтерлерді алмастыратын қолданба. Тапсырыстар сипаттамасымен бірге лезде ас үй мониторына немесе планшет дисплейіне түседі, ал аспаздарыңыз бірден дайындауға кіріседі.
Кафе, бар немесе мейрамхана ас үйін автоматтандыруға арналған KDS жүйесі — бір ас үй экраны үшін бар-жоғы KZT 4,200/ай.
Kitchen Kit аспаз экраны не береді?
Қолданбада тағамдарды дайындау кезегі
Аспаз планшетінде даяшы терминалда таңдаған тағамдарды беру тәртібі көрсетіледі. Мысалы, ас үй мониторына қарап, аспаз тапсырыста алдымен салат, одан кейін сорпа беру керек екенін көреді.
Қағаз тапсырыс түбіртектерінен бас тарту
Ас үй дисплейі принтер сатып алуда ғана емес, қағазға жұмсалатын шығындарды да азайтуға көмектеседі. Жіберілген барлық тапсырыс түбіртегі бойынша деректер электронды түрде әрқашан қолжетімді болады.
Даяшыларға хабарламалар
Тапсырыс дайын ба деп ас үйге келудің қажеті жоқ. Тағам дайын болған кезде даяшы немесе кассир терминалына хабарлама келеді. Сондай-ақ кез келген сәтте ас үй дисплейіне қарап, тапсырыстың қай кезеңде екенін біліп, қонақты тағамның дайындалу уақыты туралы хабардар етуге болады.
Ас үйдегі тапсырыстарды көрнекілендіру жүйесі: тағамды дайындау туралы нақты уақыт режиміндегі ақпарат
Kitchen Kit ас үй экранында тапсырыс туралы деректер қалай көрсетіледі.
«Маған ең алдымен қажет болған артықшылық — мобильділік»
Приходько Денис — Астанадағы Kruger барының жетекшісі.
Мен кез келген уақытта бағаларды түзете аламын, есептерді қарай аламын — және мұның бәрі телефонымда. Қазір жаңа тағамдар енгізіп жатырмыз, ол үшін QR-мәзірді пайдаланамыз. Жаңа мәзір басып шығарудың қажеті жоқ. Тура 2 минут — және жаңа тағам мәзірде де, жүйеде де.
Тағы бір ұтқан нәрсе — пайдаланудың қарапайымдылығы және Poster-ге өту жеңілдігі. Бұрынғы жүйені бір ай бойы енгіздік, ал қазір зерттеу мен енгізуден 2-3 күн өтті. Жүйе өте ойластырылған және сонымен бірге қарапайым. Жылдам және сапалы қолдау үшін компанияға рахмет. Мұндай көмексіз өту соншалықты оңай болмас еді.
«Poster пайдалануға оңай және барлық қажетті функциялары бар»
Джабаров Олег — Астанадағы Black Room лаунж-барының иесі.
Poster пайдалануға оңай және барлық қажетті функциялары бар — қызметкерлердің жалақысы мен пайызын есептейді, мәзір жасауға ыңғайлы, қойма есебін жүргізу және түгендеу жүргізу оңай. Пайдалануда қиындық байқамадым. Туындаса — қолдау қызметі мәселені шешуге көмектесті.
KDS жүйесі сіздің бизнесіңізге қалай көмектеседі:
Тапсырыстар жылдамырақ дайындалады
Аспаз даяшы тапсырысты қабылдаған сәтте-ақ тағамды дайындауға кіріседі.
Тағамның құрамы көрінеді
Рецептураны қарап, дайындау кезектілігін тексеруге болады.
Уақыт бойынша дайындау
Таймер тағамды беру мерзімі туралы еске салады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Kitchen Kit іске қосу үшін планшет немесе теледидар не монитормен жұпталған Android приставкасы жеткілікті. Қолданба Android-та жұмыс істейді. Іске қосудың ең төменгі талаптарын маркеттегі қолданба бетінен қарауға болады.
«Kitchen Kit» қолданбасымен жұмыстың құны — ас үйге арналған бір экран үшін KZT 4,200/ай. Бұл сома Poster-дің барлық қызметтері бойынша жалпы шотыңызға автоматты түрде қосылады, оны Параметрлер → Жазылымды төлеу қойындысынан төлеуге болады.
Қолданбада авторизациялану үшін Poster аккаунтына кіру деректерін пайдаланасыз, одан кейін Kitchen Kit бар құрылғыны есеп жүйеңізге байластырасыз. Poster білім базасынан Kitchen Kit-ті қалай қосу және баптау керек туралы толығырақ оқыңыз.
Poster-мен жұмыс істеп жатқан 27 000+ мекемеге
қосылыңыз
Дәл қазір аккаунт жасаңыз. Алғашқы 15 күн тегін.
Тегін қолданып көру