Poster компаниясы туралы

Біздің миссиямыз — бүкіл әлемдегі кәсіпкерлер үшін бизнесті жеңілдету.

Біз автоматтандыру жүйесін жасаймыз

Кешке сіз ресторанға кіріп, хумус пен пита тапсырдыңыз. Ертесіне таңертең сүйікті кофеханаңызда флэт уайт алып, паркте ішіп отырдыңыз. Немесе кеше жаңа Nike сатып алып, таңертең стадионда жүгірдіңіз.

Хумус, кофе немесе кроссовка сатып алу үшін сіз тауарды таңдап, ақы төлеп, алып кетесіз. Ал оларды дайындап сату үшін бизнесте бірнеше процесс сәтті жұмыс істеуі керек:

  • аспаз мәзірді жасап, барлық тағамдарға технологиялық карталар дайындады;

  • әкімші кесте жоспарлады және қызметкерлер жұмысқа шықты;

  • қоймашы қайсы өнімдердің таусылғанын анықтап, уақытында тапсырыс берді;

  • даяшы немесе сатушы кассада тапсырысты өткізді;

  • аспазхана аспазы тапсырысты алып, дайындай бастады.

Барлық осы процестер автоматтандыру жүйесінің арқасында жылдам және үйлесімді жұмыс істейді. Бұл — бизнестегі тәртіпті қалпына келтіріп, сатылымдарды, пайданы, қоймалық және өндірістік процестерді бақылауға көмектесетін бағдарлама. Poster пайда болғанға дейін мұндай жүйелер динозаврларға ұқсас болды, бірақ біз бәрін өзгертуге бел байладық.

Бізде нәтиже бар

2013 жылдан бері мекемелер мен дүкендердің жұмысын автоматтандыруға көмектесіп келеміз. Біздің мақсатымыз — кафе мен ресторандарға арналған автоматтандыру жүйелері арасында әлемде №1 компания болу.

Бүгінгі Poster:

220

Төрт кеңседегі қызметкер

27 000

Белсенді мекеме

1 800 000

Жүйеде күн сайын өңделетін чек

110

Клиенттері бар ел

Біз нені бағалаймыз

Адамдар пайдаланатын өнім жасап шығару бізге ерекше қуаныш береді. Пайда келтіріп, жасаған жұмысымыз үшін алғыс алған кезде бұл қуаныш еселене түседі. Демек, барлығы бекер емес.

Біз үшін ең маңыздысы:

Қарапайымдылық

  • Артықшылықтардан бас тарту
  • Күрделі нәрселерді қарапайым ету өнері
  • Орындау мен пайдалану қарапайымдылығы арасындағы тепе-теңдікті іздеу
  • Шектеулерді анықтау
  • Ішкі конструкцияның жетілдірілгені

Тиімділік

  • Ең жақсы нәтиже беретін нәрсеге назар аудару
  • Тиімсіз процестерден, өнімдер мен адамдардан бас тарту
  • Аз ресурспен көп нәтижеге жету
  • Автоматтандыру, адам еңбегін тиімді пайдалану

Команда

  • Бірге жұмыс істегің, дамығың және демалғың келетін тамаша мамандарды жинаймыз
  • Рөлдерді бөлу, әркім өз жұмыс аймағына жауапты
  • Өзара көмек және сыйластық
  • Ортақ мақсаттар

Жауапкершілік

  • Белсенділік
  • Нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындық
  • Қабылданған міндеттемелерді орындау
  • Клиенттерімізге деген іс-әрекеттеріміздің салдарын түсіну

Болжампаздық

  • Бүгінгі іс-әрекеттер болашақта жаңа мүмкіндіктер ашады
  • Сыртқы факторларға жылдам жауап беру
  • Заттарға кең және ұзақ мерзімді тұрғыдан қарау
  • Мәселелерді ғана емес, мүмкіндіктерді де көре білу

Біздің жетекшілер

Родион Ерошек

Тең негізші және CEO

Александр Бучков

Клиенттермен жұмыс бөлімінің жетекшісі

Мария Попко

Маркетинг бөлімінің жетекшісі (CMO)

Семён Велентий

Сату бөлімінің жетекшісі

Дарья Ермолаева

Сату департаментінің директоры