Бухгалтерлерге арналған Poster жұмысы
Poster жүйесімен жұмыс жасауды үйреніп, бухгалтерлік есеп пен қаржыны бақылауда автоматтандыру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
Курстан кейін сіз үйренесіз
Poster әкімші панелімен жұмыс жасауға
Қаржылық есепті баптау, кіріс пен шығыс санаттарын жасау. Cash Flow және P&L-мен жұмыс.
Кассалық операцияларды бақылауға
Транзакциялар қосу, чектердің фискализациясын тексеру, Z-есептер жасау, салық талаптарын сақтау.
Жалақыны есептеуге
Жалақыны автоматты есептеу процесін меңгеріп, уақыт пен күш шығынын азайтасыз.
Тауар қалдықтарын бақылауға
Өнімдер есебімен тиімді жұмыс жасап, бірнеше клик арқылы өзіндік құнды тексересіз.
Күнделікті тапсырмаларды жеңілдетіп, мекемеңіздің қаржылық тұрақтылығы мен дамуына сүбелі үлес қосыңыз.
Курс кімге арналған?
- Есепке алу жүйесімен жұмыстың негіздерін меңгеруге көмектеседі.
- Функцияларды түсінікті тілде түсіндіріп, алғашқы қадамдарды жеңілдетеді.
- HoReCa бухгалтериясында жолын жаңа бастағандар үшін тамаша бастама.
- Мекемедегі процестерді оңтайландыруға арналған функцияларды ашады.
- Басқа жүйелерден ауысып, Poster-ге бейімделуге көмектеседі.
- Заманауи құралдар арқылы жұмыс тиімділігін арттырады.
Курс бағдарламасы
| 1-сабақ. Әкімші панелінің бөлімдері: қаржы, статистика, мәзір, қойма. |
| 2-сабақ. Касса дегеніміз не және мекеме онымен қалай жұмыс жасайды. Кассалық ауысымдар мен фискализация. |
| 3-сабақ. Өнімдер есебі және өзіндік құн. |
| 4-сабақ. Жалақыны есептеу. |
| 5-сабақ. Poster есептері: P&L және Cash flow. ЖИ-ассистентімен аналитика. |
| 6-сабақ. Есепті кезеңді жабу. |
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Оқуға қанша уақыт кетеді?
Курс 6 сабақ пен практикалық тапсырмадан тұрады. Барлық сабақтарды көру бірнеше сағатыңызды алады.
Оқу форматы қандай?
Бейнесабақтар мен мәтіндік материалдар. Негізгі тақырыптарды тереңірек зерделеу үшін тек интернетке қосылу жеткілікті.
Бұл қанша тұрады?
Курс тегін, қол жеткізу шектелмеген — Poster жұмысына оңай бейімделуіңіз үшін.
