Poster оқыту вебинарлары

Poster оқыту вебинарлары

Poster жүйесімен жақында таныстыңыз ба және негізгі есепті баптауды үйренгіңіз келе ме? Немесе командаңызда бағдарламамен жұмысты үйрету керек жаңа адамдар бар ма?

Онда бұл Poster негізгі функциялары бойынша оқыту курсы дәл сіз үшін жасалды:

Poster оқыту вебинарлары

Мәзірді дұрыс толтыру жолы

Мәзірді дұрыс толтыру жолы

Тех. карталар мен жартылай фабрикаттар қосыңыз, өңдеу кезіндегі шығынды есепке алыңыз, тағамдарды санаттарға біріктіріңіз — Poster-де бұл минималды уақытты алады. Бейнені көргеннен кейін үйренесіз:

  • Мәзірді толтыруды;
  • Алкогольдік сусындар қосуды;
  • Тех. карталар мен тауарлардың модификаторларын жасауды;
  • Цехтарды баптауды.
Мәзірді дұрыс толтыру жолы

Қоймамен жұмысты бастау

Қоймамен жұмысты бастау

Қойма қалдықтарын нақты уақытта бақылаңыз, түгендеу жүргізіңіз және ыңғайлы интерфейсте жеткізілімдер қосыңыз — біз барлығын ойластырдық. Бейнені көргеннен кейін үйренесіз:

  • Жеткізілімдер жасауды;
  • Бірнеше қойманы баптауды;
  • Ішінара және толық түгендеу жүргізуді;
  • Тауарлар мен ингредиенттердің қозғалысы бойынша есеп қарауды.
Қоймамен жұмысты бастау

Кассаны әкімші панелінде баптау

Кассаны әкімші панелінде баптау

Кассаны жұмысқа дайындауды үйреніңіз: қызметкерлерге кіру рұқсаттарын, төлем тәсілдерін, тапсырыс көздерін және қауіпсіздік параметрлерін баптаңыз. Бәрі әкімші панелінің ыңғайлы интерфейсінде қолжетімді. Бейнені көргеннен кейін үйренесіз:

  • Қызметкерлерге кіру рұқсаттарын баптауды;
  • Тапсырыс көздерін қосуды;
  • Төлем тәсілдерін жасауды;
  • Қауіпсіздік параметрлерін баптауды.
Кассаны әкімші панелінде баптау

Кассада қалай жұмыс жасауға болады

Кассада қалай жұмыс жасауға болады

Планшет, ноутбук, компьютер, моноблок немесе телефонда тапсырыстар қабылдаңыз. Poster-де сіздің мекемеңіз үшін идеалды жұмыс орнын жасадық. Бейнені көргеннен кейін үйренесіз:

  • Телефоннан тапсырыс қабылдауды;
  • Сатылым есептерін жасауды;
  • Кассалық ауысымдармен дұрыс жұмыс жасауды;
  • Мекемеден жеткізуді автоматтандыруды.
Кассада қалай жұмыс жасауға болады

Қаржы есебін қалай жүргізуге болады

Қаржы есебін қалай жүргізуге болады

Poster-де кез келген санды оңай табасыз. Мысалы, өткен тоқсандағы таза пайданы немесе өткен жылдың наурызында жалақыға қанша жұмсағаныңызды. Бейнені көргеннен кейін үйренесіз:

  • Мекеме шоттарын баптауды;
  • Кассалық ауысымдарды өңдеуді;
  • Шығыстар есебін жүргізуді;
  • Мекеменің таза пайдасын көруді.
Қаржы есебін қалай жүргізуге болады

Маркетинг белсенділіктері мен акцияларды баптау

Маркетинг белсенділіктері мен акцияларды баптау

Қонақтарыңызды мекемеңізге жиірек қайтып келіп, жаңа тапсырыстар берулері үшін ынталандырыңыз. Бейнені көргеннен кейін үйренесіз:

  • Клиенттер базасын және олардың бонустарын импорттауды;
  • Бонустық және жеңілдіктік адалдық жүйелерін баптауды;
  • Жеңілдіктер қолданылмайтын тауарларды таңдауды;
  • Акцияларды баптауды.
Маркетинг белсенділіктері мен акцияларды баптау

Попробуйте Poster бесплатно

Присоединитесь к 50 000 заведений, которые уже попробовали Poster — создайте аккаунт прямо сейчас. Первые 15 дней бесплатно.