Частые вопросы

Даяшылар мен кассирлер сатылымды бастауы үшін POS.PS сайтын ашып, iOS, Android, Windows немесе Mac операциялық жүйесі бар құрылғыға қосымшаны орнатыңыз. Даяшылар алғашқы тапсырыстарды қабылдауы үшін сату кассасына кіріңіз.

Мәзірді толтырыңыз: тауарлар, тех. карталар және ингредиенттер жасаңыз. Содан кейін сатуды бастау үшін қойма қалдықтарын қосыңыз. Қызметкер жасаңыз және кассаға кіріңіз — логин, пароль және PIN-код еңгізіңіз. Дайын! Бірнеше кликпен бірінші тапсырыс жасалды.

Кассаға кіру үшін:

  1. Планшет немесе компьютерде Poster қосымшасын іске қосыңыз.
  2. Касса логинін еңгізіңіз — мекемеңіздің атауы.
  3. Тіркелу кезінде көрсеткен парольді еңгізіңіз.
  4. Кіру батырмасын басыңыз.
  5. Қызметкердің PIN-кодын еңгізіңіз — 4 сан.

Кассаға кіру паролін қалай білуге немесе өзгертуге болатыны туралы толығырақ ақпаратты осы мақалада қараңыз.

Әкімші панеліне кіру үшін:

Chrome немесе Safari браузерінде Poster-ге өтіп, жоғарғы оң бұрыштағы Кіру батырмасын басыңыз. Poster-дегі субдоменді жазыңыз — аккаунт атауы. Тіркелу кезінде көрсеткен email мен парольді еңгізіңіз. Бұл деректер поштаңыздағы хатта бар. Кіру батырмасын басыңыз.

Бағдарлама жазылым моделімен төленеді. Бағасы таңдалған тарифке байланысты айына 11 400 ₸-дан басталады. Сіз тек жазылымды төлейсіз, орнату үшін жасырын немесе қосымша төлемдер жоқ. Бонус ретінде — әр тарифте 24/7 тегін техникалық қолдау бар.

Тарифтер туралы толығырақ сайтымызда қараңыз.

Жазылымды төлеңіз:

  • әкімші панеліндегі банк картасымен;
  • банк кассасында деректемелер бойынша қолма-қол ақшамен;
  • заңды тұлғаның есептік шотынан ұсынылған шот бойынша.

Біз жария офертамен жұмыс істейміз, сондықтан қағаз шарт жасасу міндетті емес. Жеке шарт жасасқыңыз келсе, чатқа жазыңыз.

Poster — кафе, барлар, мейрамханалар және басқа мекемелер үшін бұлтты автоматтандыру бағдарламасы. Жүйе қойма мен қаржылық есепті жүргізуге, мекеме бойынша статистиканы қарауға, акциялар мен адалдық бағдарламаларын жасауға және басқа да көптеген мүмкіндіктерге көмектеседі.

Poster-де сонымен қатар жеткізу модулі бар, сол арқылы сайт, телефон немесе агрегаторлар арқылы қабылданған тапсырыстармен ыңғайлы жұмыс істеуге болады.

Poster-ге термалды принтер, сканер, таразы және басқа қосымша жабдықтарды қосуға болады.

Бізден сатып алған жабдық баптауды қажет етпейді — Poster-мен жұмысқа дайын. Басқа жерден таңдаған жабдығыңыз болса, чатқа жазыңыз, қолдау командамыз оның сипаттамаларын тексереді.

Планшеттегі қосымша нұсқасын iPad немесе Android маркетінде жаңартыңыз. Компьютер үшін Windows және macOS-тың өзекті нұсқасын сайттан жүктеп алыңыз.

Бағдарламаның мүмкіндіктерін қарау үшін демо-аккаунттың әкімші панеліне кіріңіз. Немесе 15 күндік тегін тестілеу алу үшін жүйеге тіркеліңіз.

Кассадағы аккаунттан шығу үшін:

  1. Касса экранының жоғарғы оң бұрыштағы ≡ белгісін басыңыз.
  2. Басқа блогынан Аккаунттан шығу тармағын таңдаңыз.

Кассаға кіру паролін есіңізде ұстай алмасаңыз, оны әкімші панелінде Қол жеткізу → Кассалар қойындысында қараңыз немесе өзгертіңіз.

Техникалық қолдаумен байланысу үшін — чатта жазыңыз немесе сайтта көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз

  • +380 97 908 5775
  • +380 66 908 5775
  • +380 93 908 5775

Попробуйте Poster бесплатно

Присоединитесь к 50 000 заведений, которые уже попробовали Poster — создайте аккаунт прямо сейчас. Первые 15 дней бесплатно.