Мекемені смартфоннан басқарыңыз

Бизнесіңізді әлемнің кез келген жерінен смартфон экранынан басқарыңыз. Барлық өзекті ақпарат Poster аккаунтыңыздан алынады.

Android-қа жүктеуiOS-қа жүктеу

Аналитика қолыңызда

Мекеменің жұмысы, сатылымдар мен чектер бойынша өзекті деректер ыңғайлы графиктер түрінде.

Бірнеше аккаунтты басқарыңыз

Барлық мекемелеріңізге бір қолданбадан қол жеткізіңіз. Бірнеше аккаунт қосып, Poster Boss-та олар арасында ауысыңыз.

Күн сатылымдары туралы бірінші болып біліңіз

Кассалық сменасы жабылған соң смартфонға хабарландыру алыңыз және бизнесіңіз қандай табыс әкелгенін бірінші болып біліңіз.

Сатылымдарды қадағалаңыз

Кез келген уақыт аралығын таңдап, осы кезеңде қанша чек, түсім және келуші болғанын біліңіз. Мекемеңіздегі орташа чек және орташа қызмет көрсету уақыты қандай болды.

Санаттар бойынша статистика

Қандай позициялар жиі сатылатынын және қай мекеме көбірек пайда әкелетінін, қызметкерлердің кім тиімдірек жұмыс істейтінін және клиенттер қандай төлем тәсілдерін таңдайтынын біліңіз.

Қойма есебін жүргізіңіз

Қолдағы тауарлар мен олардың өзіндік құнынан хабардар болыңыз. Қалдықтарды қадағалап, жеткізілімдерді уақтылы тапсырыс беріп, ең танымал позицияларды әрқашан қолда ұстаңыз.

Қаржыны бақылаңыз

Әрбір транзакция, кассалық сменаның ашылуы мен жабылуы және мекеме ішіндегі кез келген ақша аударымдары бойынша есептер жіберуді баптаңыз. Барлық қаржылық белсенділік көз алдыңызда.

Бір QR-код — шексіз мүмкіндіктер

  • Poster POS-тағы тағамдарыңыздан мәзірді автоматты жасау
  • Фото жүктеп, сипаттама қосу жеткілікті

Poster QR туралы толығырақ →

  • Қонақ QR-ді сканерлеп, мекемеңіз туралы пікір қалдыра алады
  • Жаңа пікір туралы хабарландырулар дайын Telegram-ботқа келеді
  • Жағымсыз пікірлерге дереу жауап беріп, жағдайды орнында түзете аласыз

Poster QR туралы толығырақ →

  • Poster POS-тағы тағамдарыңыздан бірнеше минутта сайтты автоматты жасау
  • Тек сайт дизайнын баптау керек (тақырып стилі, түстер)
  • ps.me аймағында тегін домен және тегін хостинг
  • Өз доменіңізді қосып, CSS-стильдер арқылы дизайніңізді баптай аласыз
  • Мекемеде де, жеткізуге де немесе тек жеткізуге жұмыс жасасаңыз қолайлы

Poster QR туралы толығырақ →

Poster-мен интеграциялар

Интеграциялар

Poster-ден Kaspi терминалына төлемдерді қосымша әрекеттерсіз автоматты жіберіңіз. Интеграция сомасын қолмен енгізуді жояды, қызметкерлер қателіктерін азайтады және қонақтарға қызмет көрсетуді жылдамдатады.

Kaspi-мен интеграция туралы толығырақ →

Физикалық аппараттың орнына онлайн-касса: чектер басып шығарыңыз, есептер алыңыз және бұлттық фискализация арқылы деректерді салық органына жіберіңіз.

Webkassa-мен интеграция туралы толығырақ →

Glovo-мен жұмысты автоматтандырыңыз: мәзірді басқарып, тапсырыстарды тікелей Poster-де қабылдаңыз.

Glovo-мен интеграция туралы толығырақ →

Интеграциялар

«Маған қажет болған бірінші артықшылық — мобильділік»

Приходько Денис — Астанадағы Kruger барының жетекшісі.

Мен кез келген сәтте бағаларды реттей аламын, есептерді қарай аламын — және мұның барлығы телефонымда. Қазір жаңа тағамдар енгізіп жатырмыз және ол үшін QR-мәзірді пайдаланамыз. Бізге ең жаңа мәзірді басып шығарудың қажеті жоқ. Бар-жоғы 2 минут — және жаңа тағам мәзірде де, жүйеде де.

Тағы бір ұнағаны — пайдаланудың қарапайымдылығы және Poster-ге өту жеңілдігі. Алдыңғы жүйені бір ай бойы енгіздік, ал қазір зерттеу мен енгізуге 2-3 күн кетті. Жүйе өте ойластырылған және сонымен бірге қарапайым. Жылдам және сапалы қолдауы үшін компанияға алғыс айтамын. Мұндай көмексіз өту соншалықты жеңіл болмас еді.

«Poster пайдалануға оңай және барлық қажетті функциялары бар»

Джабаров Олег — Астанадағы Black Room лаунж-барының иесі.

Poster пайдалануға оңай және барлық қажетті функциялары бар — қызметкерлердің жалақысы мен пайызын есептейді, мәзір жасауда ыңғайлы, қойма бойынша есеп жүргізу және түгендеу жүргізу оңай. Пайдалануда қиындықтар байқамадым. Туындаған жағдайда — қолдау қызметі мәселелерді шешуге көмектесті.

Попробуйте Poster бесплатно

Присоединитесь к 50 000 заведений, которые уже попробовали Poster — создайте аккаунт прямо сейчас. Первые 15 дней бесплатно.