Қонақтарды тартыңыз және мекеме табысын арттырыңыз

Келушілеріңізді марапаттап, қуантыңыз — олар мекемеңізге жиірек оралсын.

Клиенттер базасы

Жаңа қонақтарды тікелей кассада қосыңыз немесе клиенттер базаңызды импорттаңыз. Клиенттер тізімін email- немесе SMS-тарату үшін таңдаулы қызметіңізге жүктеңіз.

Жеңілдіктер мен бонустар

Қонақтарыңызға бір реттік, тұрақты және жинақтаушы жеңілдіктер мен бонустар ұсыныңыз. Ол үшін Poster-де акциялар конструкторы және адалдық бағдарламасы бар.

Карточка орнына SMS

Пластик карточкалар — өткен заман. Қонақты телефон нөмірі арқылы авторизациялаңыз немесе бонустарды есептен шығарыңыз. Қонаққа растау SMS-і жіберіледі.

Клиенттерді кассада қосыңыз

Тапсырыс кезінде жаңа қонақтарды тікелей кассада базаға қосыңыз. Оларға бір реттік жеңілдік жасаңыз, карточка беріңіз немесе адалдық бағдарламасына қатысушы болуды ұсыныңыз.

Қосымшаларды интеграциялаңыз

Poster қосымшалар каталогында бірнеше адалдық жүйесі, чат-бот, email- және SMS-тарату қызметтері бар. Қосымшаларды мекемеңізге қосып, сатуды арттырыңыз.

Бонустық немесе жеңілдік жүйесін реттеңіз

Клиенттер сатып алу сомасынан жеңілдік немесе бонус алсын деп, оларға адалдық бағдарламасына қосылуды ұсыныңыз. Әр клиент тобы үшін әртүрлі жеңілдік орнатып, жинақталған сома артқан сайын жеңілдік немесе бонусты автоматты түрде ұлғайтуға болады.

Конструктор арқылы акциялар жасаңыз

Өзіңіздің арнайы ұсыныстарыңыз бен акцияларыңызды жасай алу үшін икемді акциялар конструкторын жасадық. Мысалы, «Бақытты сағаттар», «2+1» немесе «Алтыншы кофе сыйлыққа».

Клиенттер статистикасын қараңыз

Клиенттің сүйікті тағамдарын, орташа чекті біліп, байланыс деректерін, барлық шоттарды, жеңілдіктерді, бонустарды және басқа да ақпаратты қараңыз. Әр қонақ туралы толық мәлімет сізде болады.

Попробуйте Poster бесплатно

Присоединитесь к 50 000 заведений, которые уже попробовали Poster — создайте аккаунт прямо сейчас. Первые 15 дней бесплатно.