Мәзіріңізді басқаруға арналған қарапайым интерфейс

Тех. карточкалар мен жартылай дайын өнімдерді қосыңыз, өңдеу кезіндегі шығындарды есепке алыңыз, тағамдарды санаттарға біріктіріңіз — Poster-де бұл минималды уақыт алады.

Тауарлар

Мекемеде дайындамайтын және өңдеусіз сататын барлық нәрсе. Мысалы, шоколад немесе бөтелкедегі лимонад.

Ингредиенттер

Тағамдарыңыздың құрамына кіретін немесе оларды дайындауға қолданылатын өнімдер. Мысалы, ұн, май немесе қияр.

Тех. карточкалар

Рецепт бойынша ингредиенттерден немесе жартылай дайын өнімдерден дайындалып, мекемеде берілетін тағамдар. Мысалы, салат немесе сорпа.

Жартылай дайын өнімдер

Тех. карточкаларыңызға арналған дайындықтар — олар да дайындалады, бірақ тағам ретінде сатылмайды. Мысалы, сорпаға арналған бульон немесе круассанға арналған қамыр.

Бағдарламаға емес, қонақтарға уақыт бөліңіз

Даяшы мәзірден тауарлар мен тағамдарды жылдамырақ тапсын деп, оларға түс таңдаңыз немесе фотосуреттер жүктеңіз. Тағамдарды танымалдылығы бойынша сұрыптаңыз және ең сұраныстыларын терминалдың басты экранына қойыңыз.

Өзіндік құнды бақылаңыз

Тех. карточкалардың өзіндік құны ингредиент жеткізілімдері мен қойма қалдықтарын ескере отырып автоматты түрде есептеледі. Өзіндік құн әр жаңа жеткізілімнен кейін қайта есептеледі.

Модификаторлармен көбірек табыс табыңыз

Тех. карточка модификаторлары арқылы мәзірді ұйымдастырыңыз және табысты арттырыңыз. Қонақтарға пицца топпингтерін, стейк пісіру дәрежесін немесе соустарды ұсыныңыз — модификаторлармен даяшы мұндай кез келген тапсырысты жылдам қабылдайды.

Салмақ бойынша сатыңыз

Стейктер, салмақ бойынша жаңғақтар немесе печенье үшін 100 г бағасын көрсетіңіз. Сату кезінде даяшы терминалда тек салмақты енгізеді, ал сома автоматты түрде қайта есептеледі.

Бағаларды нақты уақытта басқарыңыз

Тауарлар мен тех. карточкалардың бағасын тізімде тікелей өзгертіңіз. 10 секунд ішінде барлық бағалар терминалда автоматты түрде жаңарады.

ABC-талдаумен тиімді мәзір жасаңыз

Қандай тағамдар сұранысқа ие және мекемеге көбірек түсім әкелетінін біліңіз — ABC-талдауды тікелей Poster-де жүргізіңіз. Қандай тағамды мәзірден алып тастаған дұрыс, ал қайсысының бағасын өзгерту жеткілікті — шешімді оңай қабылдаңыз.

Попробуйте Poster бесплатно

Присоединитесь к 50 000 заведений, которые уже попробовали Poster — создайте аккаунт прямо сейчас. Первые 15 дней бесплатно.