Кез келген құрылғыдағы онлайн-касса
Тапсырыстарды планшетте, ноутбукте, компьютерде немесе смартфонда қабылдаңыз. Poster-де мекемеңіз үшін тамаша жұмыс орны жасадық.
Жылдам іске қосу
Poster интерфейсі қарапайым және түйсікті — даяшылар бағдарлама іске қосылғаннан кейін бір минут ішінде кассада сата бастай алады.
Офлайн жұмыс
Мекемеде интернет үзілсе, тапсырыстарды қабылдап, чектерді басып шығаруды еш қиындықсыз жалғастыра аласыз. Барлық тапсырыстар желі қалпына келісімен жүйеге түседі.
Кассадан артық мүмкіндік
Чектер мен сатуларды бақылаңыз, клиенттер базасымен жұмыс жасаңыз, үстелдерді броньдаңыз, онлайн-тапсырыстар қабылдаңыз, транзакциялар қосыңыз және тағы да көп нәрсе.
Барлығы бір жүйеде
Біз жылдамдықты, тұрақтылықты және функционалдылықты бағалаймыз. Сондықтан Poster кассасында тапсырыстармен жұмыс жасау, сатуды бақылау және мекемені толық басқару оңай әрі жылдам.
Poster-мен сіз аласыз
Зал жоспары немесе касса жанында қызмет көрсету
Мекемеңіздің үстелдерін кассада орналастырыңыз — даяшылар тапсырыстармен жылдамырақ жұмыс жасайды; немесе қонақтарға касса жанында қызмет көрсетсеңіз, зал жоспарын өшіріңіз.
Бірнеше төлем тәсілі
Қолма-қол ақшамен, картамен, сертификатпен, бонустармен төлем қабылдаңыз немесе тапсырыс сомасын бірнеше төлем тәсіліне бөліңіз.
Онлайн-тапсырыс
Мекеме сайтын жасаңыз және клиенттерден онлайн тапсырыстар қабылдаңыз. Барлық онлайн-тапсырыстар тікелей кассаға түседі.
Чек шаблонын реттеңіз
Чекке мекеменің логотипі мен мекенжайын, Wi-Fi паролін, болжам немесе шынымен күлдіргі анекдот қосыңыз.
Тапсырыс беру уақытын жылдамдатыңыз
Тапсырыстарды асханаға, барға және кез келген басқа цехтарға тікелей кассадан жіберіңіз — беру жылдамдығын арттырып, тағамдар берілу кезегін бақылаңыз. Ол үшін термалды принтер және асхананың Kitchen Kit экраны қолайлы.
Ұрлықтың алдын алыңыз
Кассадағы кейбір әрекеттерге әкімші паролін орнатыңыз. Мысалы, тапсырысты төлемсіз жабуға немесе өзгерістер есебін қарауға.
Жарты порция сатыңыз
Қосымша баптаусыз тапсырысқа жарты немесе үштен бір порция қосыңыз — тікелей кассадан. Қонақтар әртүрлі пицца жарыларын тапсырыс бере алады, ал бартендерлер кез келген коктейльді алдын ала тех. карточка жасамай-ақ оңай миксерлей алады.
Үстелдерді броньдауды автоматтандырыңыз
Үстел броньдауының қағаз журналын ұмытыңыз. Броньдауды тікелей кассада қосыңыз, қараңыз, растаңыз және бас тартыңыз.
Даяшыларға қосымша кассалар қосыңыз
Мобильді даяшымен қызметкерлеріңіз залда еркін жүріп, мекеменің кез келген бөлігінде қонақтарға қызмет көрсете алады.
- Үстелдер жанында тапсырыстарды бірден қабылдаңыз
- Бегункілерді асханаға дереу жіберіңіз
- Планшеттерге емес, қонақтарға көбірек назар аударыңыз
- Даяшының жеке Android және iPhone телефонына орнатуға болады
- Үш мобильді даяшыдан тұратын бандл - 16 200 ₸/ай, әрбір келесісі - тек 5 400 ₸/ай.
Poster кассасымен жұмысты бастау оңай!
Академиямыздың «Даяшылар Poster кассасымен қалай жұмыс істейді» тегін курсы пайдалы болады. Бірнеше сағат ішінде қосымшамен жұмысты толық меңгересіз.
Бір QR-код — шексіз мүмкіндіктер
- Poster POS-тағы тағамдарыңыздан мәзір автоматты жасалады
- Фото жүктеп, сипаттама қосу жеткілікті
- Қонақ QR-кодты сканерлеп, мекемеңіз туралы пікір қалдыра алады
- Жаңа пікір туралы хабарламалар дайын Telegram-ботқа келеді
- Жағымсыз пікірлерге дереу жауап беріп, жағдайды орнында шеше аласыз
- Poster POS-тағы тағамдарыңыздан сайт бірнеше минут ішінде автоматты жасалады
- Тек сайт дизайнын баптау қажет (тақырып стилі, түстер)
- ps.me аймағындағы тегін домен және тегін хостинг
- Өз доменіңізді қосып, CSS-стильдер арқылы дизайнды өзіңіз баптай аласыз
- Мекемеде де, жеткізуде де немесе тек жеткізуде жұмыс жасасаңыз да қолайлы
Частые вопросы
Даяшылар мен кассирлер сатуды бастасын деп, POS.PS сайтын ашып, қосымшаны құрылғыға орнатыңыз. Poster iOS, Android, Windows немесе Mac жүйесіндегі құрылғылармен үйлесімді. Сату қосымшасына кіріңіз.
Кассаға кіру үшін:
- Планшетте, компьютерде немесе смартфонда Poster қосымшасын іске қосыңыз.
- Касса логинін енгізіңіз — мекеменің атауы.
- Тіркелу кезінде көрсетілген парольді енгізіңіз.
- Кіру батырмасын басыңыз.
- Қызметкердің PIN-кодын енгізіңіз — 4 сан.
Касса паролін қалай білу немесе өзгерту туралы мақаламызды қараңыз.
Poster-ге термалды принтер, сканер, таразы және басқа қосымша жабдықтарды қосуға болады.
Бізден сатып алған жабдық баптаулы және Poster-мен жұмысқа дайын. Басқа жерден жабдық алған болсаңыз, чатқа жазыңыз — қолдау командамыз оның сипаттамаларын тексереді.


