Poster-мен наубайханада есепті қалай жүргізу керек

Наубайхана иелері мен әкімшілеріне арналған тегін курс. Мәзір мен техкарталардан бастап фудкост пен қаржы есептерін бақылауға дейін.

Наубайханаға арналған есеп курсы
Наубайханаға арналған есеп курсы

Курстан кейін сіз мынаны істей аласыз

Наубайхананың техкарталарын баптау

Әр өнім үшін пісіру кезіндегі шығын мен дайын өнімнің шығымын ескеретін техкарталар жасаңыз.

Өндірісті іске қосу

Жартылай фабрикаттарды — қамыр, крем — және қалдықтарды өңдеуді, мысалы нанды гренкиге айналдыруды баптаңыз.

Қойма мен шикізатты бақылау

Жеткізілімдерді енгізіңіз, түгендеу жүргізіңіз және төмен қалдық туралы хабарламаларды баптаңыз.

Фудкост пен табыстылықты талдау

Өнімдердің өзіндік құнын қадағалаңыз, залалды позицияларды табыңыз және P&L қаржы есептерін оқыңыз.

Күнделікті рутинаны автоматтандырып, өндіріс пен қонақтарға назар аударыңыз.

Курс кімге арналған?

  • Әр өнім бойынша нақты өзіндік құн мен пайданы көргісі келетін наубайхана иелеріне.
  • Мәзір, өндіріс пен қоймаға жауапты әкімшілер мен технологтарға.
Наубайхана есебі курсы кімге арналған
Наубайхана есебі курсы кімге арналған

Курс бағдарламасы

1-сабақ. Наубайхана мәзірі: санаттар, техкарталар, модификаторлар және шығын.
2-сабақ. Өндіріс: шикізаттан дайын өнімге дейін. Қалдықтарды өңдеу.
3-сабақ. Қойма мен шикізат: жеткізілімдер, қалдықтар, түгендеу, лимиттер.
4-сабақ. Фудкост және Postie AI: өзіндік құн, бақылау мен талдау.
5-сабақ. Иеге арналған қаржы минимумы: кассалық ауысымдар мен P&L.


Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Оқуға қанша уақыт кетеді?

Курс практикалық тапсырмалары бар 5 сабақтан тұрады. Барлық материалды қарауға бірнеше сағат кетеді — ыңғайлы қарқында өтіңіз.

Оқу форматы қандай?

Мәтіндік материалдар, әкімші панелінің скриншоттары және практикалық тапсырмалар. Жұмыс үшін Poster әкімші панеліне қолжетімділік қажет.

Бұл қанша тұрады?

Курс тегін және шектеусіз қолжетімді. Тіркеліп, кез келген уақытта оқуды бастаңыз.

Poster-мен жұмыс істеп жатқан 27 000+ мекемеге
қосылыңыз

Дәл қазір аккаунт жасаңыз. Алғашқы 15 күн тегін.

Тегін қолданып көру