Қазақстандағы танымал кофе 2025 - қонақтар не таңдайды
7 наурыз, 2025 • 3 минут
Латте 2024 жылы Қазақстан мекемелеріндегі ең танымал кофе сусынына айналды. Бір жылда сусын 13,3%-ға қымбаттады. Бұл туралы кафелер мен мейрамханаларды автоматтандыратын Poster компаниясының зерттеуінде айтылған.
Poster қалай жұмыс істейтінін өзіңіз көріңіз
Есепке алу бағдарламасының артықшылықтарын тегін әрі тіркелусіз бағалаңыз:
- Қаржылық есептер
- Қойма есебі
- Статистика және аналитика
- Маркетинг және т. б.
Бағасы айына KZT 15,660-ден бастап
Ең танымал кофе сусындарының ТОП-7-сі
Латте Қазақстан мекемелеріндегі ең танымал кофе сусынына айналды. 2024 жылы мекемелерде сатылған бір кесе эспрессоға 68 кесе латте және 66 кесе капучино келді. Үздік үштікті американо түйіндейді. 2023 жылы көшбасшылар үштігінің құрамы дәл сондай болған, бірақ бірінші орында капучино тұрған.

Эспрессо индексі
Бір жылда Қазақстанда бір кесе эспрессоның бағасы 16%-ға өсті. Сонымен қатар оны 10%-ға жиірек іше бастады. Орташа есеппен 2024 жылы Қазақстанда бір порция эспрессо үшін 800 теңге төлеу керек болды. Бұл порция 690 теңге тұрған 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға қымбат.

Ең танымал кофе сусындары қанша тұрады
Латте бір жылда 13,3%-ға қымбаттады. 2024 жылы оның ел бойынша орташа бағасы 1190 теңге болды.

Кофе қайнатудың балама тәсілдерінің ТОП-3-і
2024 жылы Қазақстанда кофе қайнатудың ең танымал балама әдісі — пуровер, немесе «воронка». Бұл қолмен қайнату әдісінің орташа бағасы 1900 теңге болды. Салыстыру үшін, 2023 жылы ол 1500 теңге болған.
Танымалдығы бойынша екінші орында — аэропресс. Алайда 2024 жылы кофеханаларда ол пуроверге қарағанда 2 есе аз сатылды. 2024 жылы аэропресстің орташа бағасы 1900 теңге болды. Бір жылда пуровер немесе аэропресс арқылы дайындалған кофе 30%-ға жуық қымбаттады.

«Қазақстанда кофе тұтыну белсенді өсіп келеді. Кофе жай сусын емес, жастардың мәдениеті мен күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуда. Басымдықта бұрынғыдай сүт қосылған сусындар — капучино мен латте. Бірақ қазақстандықтар классикалық нұсқаларды да қайта аша бастады», — дейді қоғамдық тамақтануды автоматтандыратын Poster компаниясының CEO-сы және тең иесі Родион Ерошек. Poster компаниясы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және қоғамдық тамақтану саласында мыңнан астам клиенті бар.
Poster-мен интеграциялар
Poster-ден төлемдерді Kaspi терминалына артық әрекетсіз, автоматты түрде беріңіз. Интеграция соманы қолмен енгізуді жояды, қызметкерлердің қателерін азайтады және қонаққа қызмет көрсетуді жылдамдатады.
Физикалық аппараттың орнына онлайн-касса: бұлтты фискализация арқылы түбіртек басып шығарыңыз, есептерді жабыңыз және деректерді салық органына жіберіңіз.
Glovo-мен жұмысты автоматтандырыңыз: мәзірді басқарыңыз және тапсырыстарды тікелей Poster-де қабылдаңыз.
Қалай және не үшін есептедік
Зерттеу 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі бүкіл кезеңде жұмыс істеген, ел бойынша 150 мекемені қамтитын релевантты іріктеме бойынша сатылым туралы жинақталған дербестендірілмеген деректерге негізделген.
«Балама» қайнату әдістері деп эспрессо мен фильтр-кофеге балама — қолмен қайнатылған кофе (кемекс, аэропресс, сифон, v60 және т. б.) түсініледі.
Зерттеудің мақсаты — нарықтағы жағдай туралы жалпы түсінік беру және мекеме иелеріне басқарушылық шешімдерді, соның ішінде кофеханаларға мәзір құрастыру бойынша шешімдерді барынша салмақты әрі негізделген түрде қабылдауға көмектесу.
Кофехана ашудың бизнес-жоспарын қалай жасауға болатыны және Қазақстанда кофехананы қалай жарнамалауға болатыны туралы толығырақ біздің мақалаларымыздан оқыңыз.